Жасына байланысты зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу тәртібі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі уақытта Қазақстанда зейнетақы үш құрамдас бөліктен құралады: базалық, ынтымақты (жасына байланысты зейнетақы) және жинақтаушы.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең есепке алынады.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу Әлеуметтік Кодекстің 208 бабымен реттеледі.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде мыналар есепке алынады:

1) еңбек шарттары бойынша ақы төлейтін жұмыс;

2) әскери қызмет;

3) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет;

4) мемлекеттік қызмет;

5) кәсіпкерлік және кірістер әкелетін өзге де қызмет;

 6) басқа адамның көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасаған уақыт;

7) мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балаға күтім жасаған уақыт;

8) жұмыс істемейтін ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (ол іс жүзінде күтімді жүзеге асырған кезде) жас балаларға күтім жасаған, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт;

9) жоғары оқу орындарындағы, оның ішінде даярлық курстарындағы, арнаулы орта оқу орындарындағы, училищелердегі, мектептердегі және кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және қайта мамандандыру курстарындағы, аспирантурадағы, докторантурадағы және клиникалық ординатурадағы, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарындағы оқу;

9) Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметі есепке алынады.

Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады.

Еңбек кітапшасы жоқ немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар, нақтылық болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса еңбек өтілі архив мекемелерінен немесе жұмыс орнынан анықтамалармен расталады.

        Еңбек өтілін архивтік анықтамалармен растау мүмкін болмаған жағдайда еңбек өтілі сот тәртібімен расталады.

Болуына қарай:

  білімі туралы құжат;

  әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;

   балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;

 Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтардың шығу мемлекетіндегі еңбек қызметін растайтын құжат ұсынылады.

 Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы мәліметтерді мемлекеттік АЖ-дан растау кезінде сот шешімін ұсыну талап етілмейді.

Бейнебаяндама: https://www.facebook.com/share/v/1CQ7HG71TN/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1258919?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version