Жолдағы қауіпсіздік: полицейлер мотоцикл жүргізушілеріне Жол қозғалысы қағидаларын сақтауды еске салады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаз мезгілінде жолдарда мотокөлік құралдарының саны едәуір артты. Соған сәйкес олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны да көбейіп келеді. Көп жағдайда жол апаттарының негізгі себептері – белгіленген жылдамдықты асыру, Жол қозғалысы қағидаларының талаптарын сақтамау, көлік құралын басқару дағдыларының жеткіліксіздігі және қорғаныс құралдарын пайдалануды елемеу.

– Жыл басынан бері облыс аумағында мотокөлік құралдарының жүргізушілерінің қатысуымен 29 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 38 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қуаныш Мұстафинов.

Мәселен, Май ауданы Ақшиман ауылының дала аймағында LTM маркалы мотоциклдің жүргізушісі көлік құралын басқара алмай, аударылып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Полиция ескертеді: мотокөлік құралын басқару Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауды талап етеді. Жолға шығар алдында көлік құралының техникалық жарамдылығын тексеріп, міндетті түрде мотошлем мен қорғаныс құралдарын пайдалану, белгіленген жылдамдықты және қауіпсіз арақашықтықты сақтау, сондай-ақ қауіпті маневрлерден бас тарту қажет.

Жол қозғалысы қағидаларын сақтау, жолдағы өзара сыйластық пен жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1257951?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version