«Жолдағы қауіпсіздік – қызметтегі жауапкершілік»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысы ТЖД гарнизонында «ОТАН-БӘЙДІБЕК» оқу-өндірістік орталығы ЖШС-мен бірлесіп жүргізуші-қызметкерлердің жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында негізгі, арнайы және көмекші автокөлік құралдарын басқару кезінде жол қозғалысы қағидаларын сақтау талаптары түсіндірілді.

Кездесу барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, белгіленген жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіз арақашықтықты ұстану, жол жағдайына мұқият болу және көлік құралдарының техникалық жай-күйін тұрақты бақылауда ұстау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар арнайы мақсаттағы автокөліктерді басқару кезінде жол қозғалысы талаптарын қатаң сақтау, қызметтік міндеттерді қауіпсіз орындау және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттары түсіндірілді.

Іс-шара барысында жүргізуші-қызметкерлерге тұрақты түрде өткізілетін нұсқамалар мен тәжірибелік жаттығулардың кәсіби шеберлікті арттырудағы маңызы атап өтілді.

Мұндай жұмыстар жеке құрамның кәсіби даярлығын жетілдіруге, қызметтік міндеттерді сапалы орындауға, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс шешім қабылдауға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1258147?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version