“103” – ке қашан хабарласу қажет?
Аптап ыстық күндері жедел медициналық жәрдем қызметіне түсетін шақыртулар саны айтарлықтай артуда. “103” қызметінің мамандары тәулік бойы тұрғындарға шұғыл медициналық көмек көрсетіп, өміріне қауіп төнген науқастарға дер кезінде жету үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Дәрігерлердің айтуынша, ыстықтың салдарынан ағза қатты сусызданып, жүрек пен қан тамырларына түсетін жүктеме артады. Сондықтан, қауіпті белгілер байқалған жағдайда уақыт жоғалтпай “103” нөміріне хабарласу қажет.
Егер дене қызуы 40°C-қа дейін немесе одан жоғары көтерілсе, қатты бас айналу, жүрек айну, құсу, есінің шатасуы, естен тану, кеуде тұсының қатты ауыруы немесе аяқ-қолдың жансыздануы байқалса, бұл жылу өтуінің, инфаркттың немесе инсульттің белгілері болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда өздігінен ем қабылдамай, науқасты салқын жерге жатқызып, тар киімін босатып, мүмкіндігінше суық компресс қойып, “103”қызметін шақыру қажет.
103 – әр секундтың бағасын білетін қызмет. Уақытында шақырылған жедел жәрдем – сақталған өмір!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1259819?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау