2026 жылғы рақымшылық: қандай салықтық және кедендік айыппұлдар кешіріледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына қол қойып, аталған Заң 2 шілде күні заңды күшіне енді. Құжат мемлекеттік органдар әкімшілік жазадан жаппай босату, оның ішінде кірістер органдары қарайтын бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлдарды кешіруді көздейді.

Рақымшылық Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қолданылады.

Айыппұлдың кешірілуі үшін үш шарт орындалуы тиіс: қаулыны мемлекеттік кірістер органы шығарған болуы керек, айыппұл 2026 жылғы 2 шілдеге дейін толық немесе ішінара төленбеген болуы тиіс және құқық бұзушылық заңда көрсетілген ерекшеліктер тізіміне кірмеуі қажет.

Рақымшылыққа салық органдарында тіркеу мерзімдерін бұзу, арнайы салық режимдерін қолдану, салық есептілігін уақытында тапсырмау, бақылау-касса машиналарын пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеден саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жатады.

Заңды тұлғалар, лауазымды тұлғалар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар рақымшылық жасауға жатпайды.

Сонымен қатар, сот шешімімен салынған айыппұлдар, сондай-ақ салық салу объектілерін жасыру, салық төлеуден жалтару, салық міндеттемелерін төмендетуге және мұнай өнімдеріне қатысты (ӘҚБтК 275, 277, 278, 281 б. 7 б. баптары бойынша) құқық бұзушылықтар рақымшылыққа кірмейді.

Айыппұлдарды кешіру автоматты түрде жүзеге асырылады. Мұндай істер бойынша атқарушылық іс жүргізу, мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мен тәсілдері де тоқтатылуға жатады.

Мемлекеттік кіріс органдарына тиісті қаулылардың орындалуын өз бетінше тоқтату және рақымшылық жасау рәсімін аяқтау үшін алты ай мерзім берілген. Сәйкесінше кірістер органдарына әкімшілік жазадан босату үшін жүгіну қажеттілігі жоқ.

@mkdzhambyl #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #списаниештрафов

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1259775?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version