Әлемдік футбол аңызы Луиш Нани ШҚО облыс орталығында алаңға шығады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскеменде осы жексенбі күні Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында «Восток» стадионында «Алтай Өскемен» мен «Ақтөбе» командалары кездеседі.

Біздің футболшылар Португалия ұлттық құрамасының сапында Еуропа чемпионы атанған Луиш Нанидің өнер көрсетуі күтілетін «Ақтөбе» командасына қарсы жасыл алаңға шығады. Ұзақ жылдар бойы Криштиану Роналдумен бірге доп тепкен, өз буынының ең танымал футболшыларының бірі саналатын әйгілі ойыншы Өскемендегі матчқа қатысады.

Билет құны – 700 теңге. Билеттерді Ticketon.kz платформасы арқылы немесе матч күні стадион кассаларынан сатып алуға болады. 9 жасқа дейінгі балаларға, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, зейнеткерлерге және мүгедектігі бар азаматтарға кіру тегін.

Матч 19 шілде күні сағат 17:00-де Өскемен қаласындағы «Восток» стадионында өтеді. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтарын командаларға жанкүйер болып, жарқын спорттық оқиғаның бір бөлігі болуға шақырады. «Алтай Өскемен» командасының ойыншыларына қолдау көрсетіп, тартысқа толы кездесудің куәсі болуға шақырамыз!

 (Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1259648?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version