ӘР КӘСІПКЕР ӨЗ АУМАҒЫНА ЖАУАПТЫ! Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері және Шет аудандық полиция бөлімінің қатысуымен дүкен иелеріне санитарлық тазалық пен абаттандыру (көркейту) жұмыстарын жүргізу, айналасындағы күл-қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды уақтылы тазарту, сондай-ақ қоқыс жәшіктерін орнату туралы ескертулер берілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа да көрнекі ақпараттар мемлекеттік тілде сауатты рәсімделуі тиіс екендігі ескертілді. Сонымен қатар, аумақтың тазалығын тұрақты түрде сақтап, белгіленген талаптарды орындау қажеттігі түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-aksu-ayuly/press/news/details/1259538?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау