Шараның мақсаты – оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Викторина барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы, бала құқықтары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық жауапкершілік және заң талаптары бойынша түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар жағдаяттық тапсырмалар ұсынылып, қатысушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Шара барысында құқықтық тақырыптағы кітаптарға шолу жасалып, кітап көрмесі таныстырылды. Қатысушылар заңды білу – әр азаматтың міндеті екенін түсініп, құқықтық білімнің күнделікті өмірдегі маңызы туралы өз пікірлерімен бөлісті.
Шара соңында ауылымыздың учаскелік полиция инспекторы Ускенбаев Думан – жастарды заңды құрметтеуге, өз құқықтары мен міндеттерін білуге және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға шақырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1259551?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау