Аптап ыстық жедел жәрдемге түсетін жүктемені арттырды
Жамбыл облысында күннің күрт ысуына байланысты жедел медициналық жәрдем қызметіне түсетін шақыртулар саны айтарлықтай көбейді.
2026 жылдың 1–16 шілде аралығында жедел жәрдем қызметі 22 665 шақыртуға қызмет көрсетсе, 1–16 маусым аралығында бұл көрсеткіш 21 600 болған. Осылайша, шақыртулар саны – 1 065-ке артқан.
Мамандардың айтуынша, аптап ыстық жүрек-қан тамырлары ауруларын асқындырып, қан қысымының көтерілуіне, сусыздануға, жылу өту мен күн өту жағдайларының көбеюіне әсер етеді.
Дәрігерлер күннің ең ыстық уақытында далада ұзақ жүрмеуге, жеткілікті мөлшерде су ішуге және денсаулық жағдайына мұқият болуға кеңес береді.
Аптап ыстықта өзіңізді қорғау – өміріңізді қорғау. Абай болыңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1259813?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау