Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде онлайн форматта өңірдегі бруцеллез бойынша эпидемиологиялық ахуалға, сондай-ақ инфекция ошақтарында жүргізілетін эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелеріне арналған семинар өтті.
Іс-шараға Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Ветеринария басқармасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалының өкілдері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың аумақтық басқармаларының мамандары, сондай-ақ ветеринариялық қызметтердің және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары мен өкілдері қатысты.
Семинар барысында облыстағы бруцеллез бойынша эпидемиологиялық ахуал, аурудың клиникасы, диагностикасы, алдын алу шаралары, зертханалық зерттеу жүргізу тәртібі, сондай-ақ эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шараларды іске асыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар бруцеллездің таралуына жол бермеу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1260009?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау