Ақмола облысында “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс – шарасы аясында полицейлер ЖКО алдын алудың ерекше әдісін қолдануда-республикалық трассалардың неғұрлым апатты учаскелерінде жол бөлігін уақытша тарылту. Бұл шара жүргізушілерді жылдамдықты төмендетуге және рульде мұқият болуға мәжбүр етеді.
Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка (Астана бағытындағы 159-ші километр) және Астана – Қарағанды-Алматы автожолдарында уақытша тарылту ұйымдастырылды. Сонымен бірге полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер жүргізуде, шаршаған жүргізушілерге кем дегенде 20 минут тоқтап, демалуға кеңес. Жол қозғалысына қатысушылар қажет болған жағдайда трассадағы кезекші дәрігерлерге жүгініп, денсаулығын тексере алады.
Полицейлер мұндай шаралардың басты мақсаты ауыр жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың өмірін сақтау екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1259921?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау