Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметтік жұмыстың қорытындысына арналған жедел кеңес өтті.
Іс-шараға департамент басшылығы, құрылымдық бөлімшелер мен бағынысты мекемелердің бастықтары, қылмыстық-атқару жүйесінің ардагері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің өкілі қатысты.
Кеңес барысында жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері жан-жақты талданып, сотталғандарды ұстау режимін сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту, сондай-ақ тәрбиелік және профилактикалық жұмысты ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар қойылған міндеттердің орындалуына, бөлімшелер қызметінің тиімділігін арттыруға және қызметтік міндеттердің сапалы орындалуына ерекше назар аударылды. Жұмыстың әр бағыты бойынша басшыларға нақты тапсырмалар беріліп, 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған басым міндеттер айқындалды.
Кеңес соңында қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері көпжылдық қызметтік тәжірибелерімен бөлісіп, ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың, қызметтік дәстүрлерді жалғастырудың, әрбір қызметкердің жоғары жауапкершілігі мен заң талаптары және қызметтік тәртіпті мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Кеңеске қатысушылар өзара үйлесімді әрі бірлескен жұмыс өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің тиімділігін одан әрі арттырудың негізгі кепілі екенін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1259468?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау