Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлы жұмыс сапарымен Орынбор қаласына барып, Қазақстан мен Ресей жастарын, қоғам қайраткерлері мен ардагерлерін тоғыстырған халықаралық «Біз + Мы» форумына қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Форумның ашылу рәсімінде сөз сөйлеп, жастар дипломатиясын дамыту, мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту және ортақ құндылықтарды ілгерілетудегі жастардың рөліне ерекше тоқталды.

Іссапар аясында қоғам назарын Жайық өзенінің экологиялық мәселелеріне аудару мақсатында ұйымдастырылған өзен бойымен қайықтар шеруінің ашылу рәсіміне қатысты.

Сонымен қатар, Орынбор қаласы әкімінің кеңесшісімен, жастар саясаты басқармасының басшысымен, жастар орталықтары мен жетекші жастар ұйымдарының басшыларымен кездесулер өткізіп, жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру бағыттарын талқылады.

Кездесулер барысында жергілікті әріптестер өңірдегі жастар инфрақұрылымының бірқатар нысандарының қызметімен таныстырып, жастарға ұсынылатын мүмкіндіктер мен өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісті.

Мұндай кездесулер халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, жастар арасындағы өзара байланысты кеңейтуге және жастар саясатын жаңа сапалы деңгейге көтеруге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1259638?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version