2026 жылдың 22 шілдеде сағат 15.00-де қалалық мәслихатының мәжіліс залында (220 каб.) Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
Қоғамдық кеңестің қарауына келесі мәселе және нормативтік құқықтық акт жобаларын енгізіледі:
- «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ-нің азаматтық секторды дамыту, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау шаралары және халықпен ақпараттық жұмыстың тиімділігі туралы есебі.
- Астана қаласының Дизайн-кодын бекіту туралы.
- «Толық бітіріп берілетін құрылыс туралы шарт бойынша іске асырылатын объектілердің тізбесі туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 503-924 қаулысына толықтыру енгізу туралы.
- Астананың орманды саябақ аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидаларын бекіту туралы.
- Астана қаласының орманды саябақ аймағының шекарасын белгілеу туралы.
- Елордада жазғы алаңдарды орнату қағидаларын бекіту туралы.
Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-79.
Астаны қаласы Қоғамдық
кеңесінің төрағасы
З. Ғайыпов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1259295?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау