Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Жыл басынан ауданда 11 700 дана көшет отырғызылды. Бүгінгі күні аудандық бюджеттен бөлінген 229 млн. теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Тереңөзек кенті және Шаған, Жетікөл ауылдарында ұзындығы 6,7 шақырымды құрайтын 5 көшеге 156,4 млн. теңге бөлініп, жаяу жүргіншілер жолы салынуда.
Тереңөзек кенті мен Қалжан ахун ауылдарында 22,6 млн. теңгеге 3 ойын алаңы салынуда. Сонымен қатар, құны 50 млн. теңгеге Тереңөзек кентіндегі Орталық алаңға субұрқақ салынатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-aqzharma/press/news/details/1259993?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау