Алматыда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балаларға арналған жазғы іс-шара ұйымдастырып, мерекені қауіпсіздіктің маңызды сабақтарымен біріктірді. «Балаларға салқын сыйла» акциясы аясында құтқарушылар балаларға жағымды эмоциялар сыйлап қана қоймай, ыстық ауа райында және су маңындағы демалыс кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін еске салды.
Ойын және қолжетімді нысанда ТЖД қызметкерлері балаларға ересектердің еріп жүруінсіз неге шомылуға, қауіпті орындарда ойнауға, сондай-ақ жазғы демалыс кезінде қарапайым сақтық шараларын елемеуге болмайтынын айтып берді. Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың өз қауіпсіздігіне жауапты көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі.
Мерекенің ерекше сәті акцияның сулы бөлігі болды – құтқарушылар балаларға ыстық күні суығуға көмектесіп, балаларға қуанышты сезімдер сыйлады.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына аномалды ыстық кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді:
* ұзақ уақыт бойы тікелей күн сәулесінің астында тұрмаңыз;
* көбірек таза су ішіңіз;
* табиғи матадан жасалған ашық түсті киім және бас киім киіп жүріңіз;
* Балалар мен жануарларды тіпті бірнеше минутқа да жабық автокөлікте қалдырмаңыз.
Қауіпсіздік қарапайым ережелерден басталады. Жаз тек қуанышты әсерлер мен жағымды естеліктер әкелсін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1259801?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау