Біржан сал ауданының прокуратурасы дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы бұзған шешімнің күшін жойды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Біржан сал ауданының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін заңнама талаптарына сәйкестендіру бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Талдау барысында Біржан сал аудандық мәслихатының шешімімен (2024 жылғы 25 желтоқсандағы №С-18/3) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілгені, ол 2 000-ға жуық жер пайдаланушылардың дербес деректері, оның ішінде Т.А.Ә., ЖСН, БСН, сондай-ақ кадастрлық нөмірлері мен жайылымдық жерлердің алаңы көрсетілген өздеріне тиесілі жер учаскелері туралы мәліметтердің ашық қолжетімділікте орналастырылғаны анықталды.

Мұндай мәліметтерді ашық қолжетімділікте орналастыру Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабына, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына қайшы келеді, сондай-ақ олардың заңсыз, оның ішінде алаяқтық мақсатта пайдаланылуына жағдай туғызады.

Прокуратураның наразылығы бойынша мәслихат шешімінің күші жойылып, айтарлықтай мөлшердегі азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Аудан прокуратурасы халықтың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін заң бұзушылықтардың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1259748?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version