Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындылары шығарылған алқа отырысы өтті.
Отырыс барысында аумақтық басқармалардың жұмыс нәтижелері, Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесінің орындалуы, халықты вакцинациялаумен қамту, екпеден бас тартатын азаматтармен жүргізілетін жұмыстар, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялар бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал мен эпидемияға қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар қаралды.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша Департамент басшысы Серік Омарханов жүктелген міндеттердің сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді, профилактикалық іс-шараларды күшейтуді, халықты иммундау жұмыстарының тиімділігін арттыруды, эпидемияға қарсы шараларды дер кезінде ұйымдастыруды және ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1259990?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау