Департаментте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік бақылау мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде аумақтық бөлімшелердің қатысуымен бейнеконференция форматында семинар-кеңес ұйымдастырылды.
 
Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік бақылау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар тексерулерді жүргізу тәртібі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша процестік талаптарды сақтау және заңнаманы құқық қолдану тәжірибесінде бірізді қолдану мәселелеріне баса назар аударылды.
 
Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік бақылау қызметінің тиімділігін арттыруға, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсынымдар берілді.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1259995?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version