Хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ

 Құжаттарды қабылдау мерзімі 2026 жылғы 16 шілдеден 29 шілдеге дейін жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау орны: Алматы облысы, Қонаев қаласы, Сейфуллина көшесі 25 А, анықтама телефоны: 8 700 9011990 электрондық мекенжайы: ok_dchs_almob@emer.kz

https://tjm-qabyldau.emer.kz сайты арқылы өтініш қалдырып тіркелу қажет !!!

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден, медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден табысты өткен, әскери-дәрігерлік комиссия қызметке жарамды деп таныған және конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ кадр қызметіне қажетті құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы конкурсқа қатысушы болып табылады.

 

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық жалақы

min

max

C-SVО-9

220 778

271 529

 

 Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің тылдық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы лауазымына -2 бірлік , C-SVО- 9 санаты.

Функционалдық міндеттері:Мемлекеттік сатып алулар қортындылары нәтижесінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды, оларға косымша келісімдерді жасау және Қазынашылық органдарда тіркеу, орындалған жұмыстар бойынша электрондық актілерді бекіту; Сатып алу туралы шарттардың орындалу мерзімдеріне, олар бойынша жеткізушілерге уақытылы төлем жүргізілуіне бақылау жасау; Мемлекеттік сатып алудың барлық мәселелері бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен ақпараттық өзара іс-қимылды және хат алмасуды жүзеге асыру; Департаменттің және оның құрылымдық бөлімшелері бойынша коммуналдық қызметтерге қатысты жұмыстарды жүргізу; Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес мемлекеттік қорғаныс тапсырысын аясында сатып алуды жүзеге асыру; Бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеу және іске асыру; Мұрағатқа өткiзу үшiн құжаттаманы қалыптастыру; Жұмыстан босатылған жағдайда қабылдау-тапсыру актісі бойынша істерді беру; Мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету; Қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау; Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен ұштасатын әрекеттерге жол бермеу; Еңбек және қызметтік тәртіпті сақтау, өзінің лауазымдық міндеттерін адал және сапалы атқару; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау; Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру. Қойылған міндеттерге сәйкес құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер белгіленеді.

Конкурсқа қатысушыға талаптар:

Білімі- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары: Бухгалтерлік есеп және аудит, Құқықтану, Экономика Есеп және аудит, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Радиотехника, электроника және телекоммуникация, Құқық қорғау қызметі, Құрылыс, Сәулет және құрылыс, Өрт қауіпсіздігі, Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, Экономика және бизнес, Автоматтандыру және басқару, Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру, Өнеркәсіптік, экологиялық және өрт қауіпсіздігі, Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Көлік, көлік техникасы және технологиялары, Математика және статистика.

Техникалық, кәсіптік мамандықтар және орта білімнен кейінгі білім:Есеп және аудит, Құқықтану, Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, Сәулет, Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару. Жасы 35-тен жоғары емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабатыста орналастырылған мынадай құжаттарды тапсырады:

1) өкілетті органнан белгіленген нысанды өтiнiш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

4) өкілетті органнан белгіленген нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаяны;

5) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);

6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);

7) 3х4см өлшемдегі (6 дана) фотосуреті;

8) өзіне және жұбайынызға 2 дана салықты тапсыру туралы анықтамасы

9) Қағидаларға сәйкес

10) өкілетті органнан белгіленген нысанды кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;

 Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

 C-SVО-9 санаттары үшін, бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстың өту тәртібі:

Азаматтардан құжаттар қабылдау және олардың лауазымдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн алдын ала қарау;

медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден табысты өту;

Кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруы;

Қабылдау комиссиясының үміткерлермен өткізетін әңгімелесуі, ал үміткердің қалауы бойынша қабылдау комиссиясынын өткізетін әңгімелесуі үміткердің ата-анасын, жұбайының (зайыбының) шақыруымен өткізіледі.

Іріктеуден сәтті өткен жағдайда үміткерлер алғашқы және кәсіби дайындыққа қатысу үшін ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы АҚА Алматы қаласының оқу орталығына кезеңнен өту үшін жіберіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1259962?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version