«Күншуақ қаласы» – жазғы демалысты тиімді өткізудің мекені

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жазғы демалыс – жаңа әсерлерге, қызықты жаңалықтарға және ұмытылмас сәттерге толы ерекше кезең. Осындай мазмұнды демалыс Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының жанынан ұйымдастырылған «Күншуақ қаласы» жазғы алаңына қатысушы балалар үшін дәстүрге айналды.
Үшінші жаз маусымын табысты өткізіп келе жатқан алаңда балалардың бос уақытын қызықты, белсенді, әрі танымдық тұрғыда ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда әр күн көтеріңкі көңіл күйге, шығармашылыққа, ойындарға және жаңа білім мен әсерлерге толы. Балалар үшін спорттық жарыстар, шығармашылық шеберлік сабақтары, зияткерлік викториналар, квест ойындары, экскурсиялар, жорықтар, тақырыптық күндер, танымдық әңгімелер, түрлі байқаулар мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады.
Жазғы алаңда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, достық пен өзара көмекке баулуға, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жазғы демалысты мазмұнды өткізуге ерекше мән беріледі.
«Күншуақ қаласы» – жаңа білімнің, жарқын әсерлердің, шат күлкі мен көтеріңкі көңіл күйдің мекені. Мұнда балалар уақыттарын көңілді өткізіп қана қоймай, топпен жұмыс істеуді үйреніп, бастамашылдық танытады, өз таланттарын ашып, жаңа достар табады.
Жазғы алаң өз жұмысын жалғастырып, әрбір бала үшін қуанышқа, шығармашылыққа, достыққа және бақытты балалық шаққа толы ерекше орта қалыптастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1259728?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version