Мақпал Ғабиденқызының арманы – сапалы білім алып, білікті маман атану болатын.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мақпал Ғабиденқызының арманы – сапалы білім алып, білікті маман атану болатын. Жоғары оқу орнына түскен кезде мемлекеттік білім беру грантын иеленуге небәрі бірнеше балл жетпей қалып, алғашқы оқу жылын ақылы негізде оқыды. Алайда тынымсыз еңбегі, үздік үлгерімі және жоғары GPA көрсеткішінің арқасында ол мемлекеттік білім беру грантына ауыстырылды.
Мемлекеттік грант Мақпалдың ғана емес, оның отбасының да үлкен қолдауына айналды. Қыздарының педагогикалық білім алуы үшін Астанаға қоныс аударған отбасы үшін бұл маңызды көмек болды. Бүгінде Мақпал оқуын педагогикалық қызметпен қатар алып жүріп, алған білімін іс жүзінде қолдануда. Өзінің айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау оған қаржылық сенімділік қана емес, алға ұмтылып, кәсіби тұрғыда дамуға және армандарына сеніммен қадам басуға үлкен жігер берген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-prigorodnaia/press/news/details/1259899?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version