Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Роман Скляр Атырау облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты.

Роман Скляр депутаттарға Президенттің Атырау облысының әкімі лауазымына екі кандидатты «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовты ұсыну туралы хатын оқыды.

Жиналысты облыстық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Бақыт Каметов жүргізді. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 101 депутаттың 83-і Болат Ақшолақовқа дауыс берді. 18 депутат Дарын Шамұратовтың кандидатурасын қолдады. Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті Жарлығымен Атырау облысының әкімі болып Болат Ақшолақов тағайындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atyrau-region/press/news/details/1259630?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version