Полицияның күшейтілген бақылау шаралары мен профилактикалық жұмыстарына қарамастан, көптеген жол-көлік оқиғаларының себебі әлі де жүргізушілердің өздерінен болып табылады.
Облыста апаттылықтың алдын алуға және жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарының жолын кесуге бағытталған “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Осындай ЖКО-ның бірі 15 шілдеде кешкі уақытта Көкшетау қаласының Назарбаев пен Жүнісов көшелерінің қиылысында орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Lada Priora көлігінің жүргізушісі солға бұрылу маневрін орындаған кезде CF Kove 450 RR мотоциклімен соқтығысқан.
Апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.
Іс жүргізу барысында жеңіл автокөлік жүргізушісінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екендігі анықталды.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның шеңберінде болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, қатысушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері 2000-ға жуық жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын анықтады. Олардың ішінде мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 45 фактісі бар.
Ақмола облысының полицейлері жолдардағы қауіпсіздік тек құқық қорғау органдарының жұмысына ғана емес, сонымен қатар қозғалыстың әрбір қатысушысының жеке жауапкершілігіне де байланысты екенін еске салады. Рульдегі бір ғана қателік қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1259918?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау