Нитраттармен тамақтан уланудың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Басқа елдерден импортталатын және Қазақстан аумағында өсірілген барлық тағамдық жеміс-көкөніс өнімдері сатылымға түскен кезде тауарға ілеспе құжаттармен оның қауіпсіздігін растайтын (өнімнің сәйкестігі туралы декларация) қоса жүруі тиіс. Өтініш берушінің өнімді декларациялау кезіндегі міндетті кезеңдерінің бірі жеміс-көкөніс өнімдеріне, оның ішінде нитраттар мен пестицидтердің қалдық құрамына зертханалық бақылау жүргізу болып табылады. Нитраттар – бұл өсімдіктердің қоректік элементтері болып табылатын азот қышқылының тұздары. Нитрат өнімдерінің белгілері: тәтті дәмнің болмауы және қарбыз немесе қауынның піспеген тұқымдарының болуы, айқын емес дәм мен хош иіс (қияр, қауын), өсімдіктің ортаңғы бөлігінде тамырлы тін, қарбызда сары талшықтардың болуы. Қауіпсіз бақша өнімдері тек тамыздың аяғында – қыркүйектің басында пайда болады. Осы уақытта алмұрт пен шабдалы да піседі. Қияр, алма, қызанақ пен қырыққабатты шілде айында сатып ала беруге болады. Пестицидтер мен гербицидтер – бұл арамшөптерді, зиянкестерді, өсімдік қоздырғыштарын жою үшін және өсімдіктердің ылғалдығы мен өсуін реттеуші ретінде қолданылатын заттар. Адам ағзасына көп мөлшерде түскенде, улы әсері болады. Сыртқы жағынан, пестицидтердің көп мөлшері бар көкөністер мен жемістер әдеттегілерден еш айырмашылығы жоқ, тек зертханалық зерттеулер артық мөлшерді көрсете алады. Мұндайда негізгі сақтық шаралары жұқпалы аурулардың және тағамнан уланудың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында  көкөністер мен жемістерді тұтынар алдында міндетті түрде ағынды сумен мұқият жуу не болмаса қабықтан тазартқан дұрыс. Балаларға жуылмаған жеміс-жидектерді жегізбеу өте маңызды. Қарапайым гигиена қағидаларын сақтамау ауыр ішек инфекциялары – дизентерияға, А гепатитіне, энтеро және ротавирустық инфекцияларға әкелуі мүмкін! Бақша сыйларын «күмәнді» жерлерден емес, тек рұқсат етілген жерлерден сатып алған жөн. Сатушыдан тауардың қауіпсіздігіне көз жеткізу үшін декларацияны көрсетуді сұрау артық болмайды. Дегенмен сапасыз жеміс-жидек сатып алсаңыз, не істеуге болады? Басқарма шағын бизнес субъектілерін тексеруге жеке немесе заңды тұлғаның өтініші сатып алу орны мен күнін анықтауға болатын чекпен, фото немесе бейнематериалдармен расталуы тиіс екенін еске салады немесе медициналық көмекке жүгіну фактісі туралы анықтама немесе зертханалық зерттеулердің нәтижелері қоса берілуі керек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1259440?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version