Қостанай қаласында өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы ТЖМ Кубогына арналған IX турнирдің үшінші жарыс күні өз мәресіне жетті. Спортшылар ең тартысты әрі көрермен қызыға тамашалайтын жарыс түрлерінің бірі – 4×100 метрлік өрт эстафетасында мықтыларды анықтады. Бұл дисциплина командадан жоғары жылдамдықты, кезеңдерді дәл әрі мінсіз орындауды және өзара үйлесімді әрекетті талап етеді.
«4×100 метрлік өрт эстафетасы» дисциплинасының қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді.
Әйелдер:
1 орын – Қостанай облысы (63,82 сек).
2 орын – Астана қаласы (63,87 сек).
3 орын – Маңғыстау облысы (64,85 сек).
Ерлер:
1 орын – Астана қаласы (57,40 сек).
2 орын – Қостанай облысы (59,36 сек).
3 орын – Шығыс Қазақстан облысы (59,50 сек).
Сондай-ақ, шабуыл сатысымен көтерілу және 100 метрлік кедергілер жолағынан өту дисциплиналарының қорытындысы бойынша екісайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.
Қоссайыс әйелдер:
1 орын – Айдана Байтыкова, Қостанай облысы (24,19 сек).
2 орын – Ситора Реджеметова, Маңғыстау облысы (24,58 сек).
3 орын – Кристина Подгородецкая, Астана қаласы, (24,60 сек).
Қоссайыс ерлер:
1 орын – Бахтияр Байтыков, Қостанай облысы (31,08 сек).
2 орын – Петр Подгородецкий, Астана қаласы (31,10 сек).
3 орын – Николай Буторин, Шығыс Қазақстан облысы (31,13 сек).
Турнирдің үшінші кезеңі көрермендерге тартысты әрі әсерлі бәсеке сыйлады. Спортшылар жоғары дайындық деңгейін, кәсіби шеберлігін және жеңіске деген жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алда өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы ТЖМ Кубогына арналған IX турнирдің жалпы қорытындылары шығарылып, үздік командалар мен спортшыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1259894?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау