ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!
Өспен ауылдық округі – аудандық «Сарыарқа – 2026» XXXVIII жазғы ауыл спартакиадасының жеңімпазы!
27 маусым күні аудандық «Сарыарқа – 2026» XXXVIII жазғы ауыл спартакиадасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оған ауданның 20 ауылдық округінен келген спортшылар спорттың 11 түрі бойынша бақ сынады.
Спартакиада қорытындысы бойынша командалық есепте Өспен ауылдық округі І орынды иеленіп, жарыстың бас жүлдесін жеңіп алды. Ал ІІ орынға Ақжал кенті, ІІІ орынға Ағадыр кенті тұрақтады.
Өспен ауылдық округінің спортшылары жарыс барысында жоғары дайындық пен спорттық шеберліктерін дәлелдеп, спорттың бірнеше түрінен жүлделі орындарға ие болды. Бұл жеңіс – спортшылардың қажырлы еңбегі мен жаттықтырушылардың тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ ауыл тұрғындарының қолдауының нәтижесі.
Өспен ауылдық округінің намысын абыроймен қорғаған барлық спортшыларды, жаттықтырушыларды және жанкүйерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Өспен ауылының мерейі әрдайым үстем болып, спортшыларымыз алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-uspen/press/news/details/1259742?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау