2026 жылғы 16 шілдеде Қарағанды облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев Теміртау қаласындағы «Qarmet» АҚ-ға барып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесіп, өндірістің үдерісімен танысты.
Кездесу барысында облыс прокуроры мен «Qarmet» АҚ-ң басқарма төрағасы Вадим Басин ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат бірлескен ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізуге, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, пробациялық бақылауда тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіруге, есірткі қылмысына, сыбайлас жемқорлық көріністеріне және еңбек заңнамасының бұзылуына қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған.
Меморандум прокуратура мен компания арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға негіз болады.
Қарағанды облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1259926?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау