«Қауіпсіз балалық шақ – әрбір үйге»: «Жеңіс» саябағында профилактикалық акция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласындағы «Жеңіс» саябағында ТЖМ қызметкерлері тұрғындар мен қала қонақтарына арналған «Қауіпсіз балалық шақ – әрбір үйге» профилактикалық акциясын өткізді.

Іс-шара барысында ересектер мен балаларға өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу шаралары түсіндірілді.

Акция соңында балалар үшін өрт сөндіру техникасының мүмкіндіктері көрсетіліп, дәстүрлі су мерекесі ұйымдастырылды. Бұл шара бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1259582?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version