Сеул, 2026 ж. 16 шілде – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Корея Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі Халықаралық ынтымақтастық бюросының Бас директоры Чан Хен Сокпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар еңбек көші-қоны, халықты жұмыспен қамту және білікті кадрлар даярлау салаларындағы Қазақстан-Корея ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.
Екіжақты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарына ерекше назар аударылды. Аталған бастамаларды іске асыру Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы еңбек, жұмыспен қамту және адами капиталды дамыту салаларындағы өзара іс-қимылды сапалы жаңа практикалық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиісті бастамаларды ілгерілету жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1259620?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау