Қазақстан Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуды қолдайтынын растады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» жоғары деңгейдегі диалогының 13-отырысына қатысты.

ЕО делегациясын Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Олоф Скуг басқарды.

Кездесу барысында өңіраралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы бағдарламалық қызметі жөнінде мазмұнды пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, тараптар «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитінің (Самарқанд қ., 2025 жылғы 3-4 сәуір) және «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» бірлескен Жол картасының (Люксембург қ., 2023 жылғы 23 қазан) қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аудара отырып, талқылады. Сондай-ақ, делегаттар 2026-2027 жылдарға арналған бірлескен халықаралық іс-шаралардың кестесін қарастырды.

Қазақ дипломаты өңірдегі ахуал, ҚР ұлттық және өңірлік деңгейлерде тұрақтылық пен орнықты дамуды қолдау бағытында қабылдап жатқан шаралары туралы ақпарат беріп, саясат, экономика және қауіпсіздік салаларындағы өңіраралық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту жөнінде бірқатар сындарлы ұсыныстар енгізді.

Қатысушылар шекараларды басқару, терроризм мен экстремизмге, есірткінің заңсыз айналымына байланысты өңірлік сын-қатерлер мен қауіптерге ден қою, сондай-ақ, құқық қорғау органдары арасындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейту салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға ортақ мүдделіліктерін растады.

Іс-шара аясында А. Исетов пен О. Скугтың екіжақты кездесуі өтті. Онда Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 22-23 маусымда Брюссельге жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыдан іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Брюссельдегі кеңес қорытындысы бойынша тараптар сенім мен тең құқықты әріптестік қағидаттары негізінде Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ортақ бейілділіктерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1259350?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version