Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

📍 Кездесу барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының жаңа редакциясында көзделген негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар түсіндірілді.

Атап айтқанда:
📌 мемлекеттік қызметтің сервистік моделіне көшу;
📌 кадрлық процестерді цифрландыру;
📌 мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімдерін толық цифрлық форматқа көшіру;
📌 жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту және даярлау;
📌 мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау;
📌 тәртіптік жауапкершілік тетіктеріне енгізілген өзгерістер.

📍 Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістерді тиімді іске асыру мәселелері талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.

🤝 Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәсіби әдеп қағидаттарын нығайтуға және мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1259947?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version