🔹2026 жылы 16 шілдеде Қостанай облысы Әділет департаментінде Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты Ақылбай Серик Байсеитұлымен Қазақстан Республикасы Конституциясының реформаларын іске асыру, Жаңа Конституцияның маңызы және оның құқықтық мемлекетті одан әрі дамытудағы рөлі мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті.
🔹Іс-шара Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулованың төрағалығымен Департаменттің мәжіліс залында өтті. Кездесуге Әділет департаментінің қызметкерлері, заң консультанттары палаталарының төрағалары, заң қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты.
🔹Кездесуді ашқан Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова қатысушыларды құттықтап, конституциялық реформалардың мемлекеттік басқаруды жаңғыртудағы, заң үстемдігі қағидаттарын нығайтудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңыздылығын атап өтті.
🔹Іс-шараның негізгі баяндамасын Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Ақылбай Серик Байсеитұлы жасады.
🔹Өз сөзінде ол Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының маңызына, негізгі конституциялық өзгерістерге және жүргізіліп жатқан реформаларды іске асырудағы заң қоғамдастығының рөліне жан-жақты тоқталды.
🔹Іс-шара барысында Қостанай облысы «Заңгер» заң консультанттары палатасы басқармасының төрағасы Ирина Александровна Тусова, Алия Анисовна Рахаделова, сондай-ақ отставкадағы судья, Федоров аудандық сотының бұрынғы төрағасы Александр Романович Москалюк сөз сөйледі.
🔹Іс-шараның салтанатты бөлімінде марапаттау рәсімі өтті. Ақылбай Серик Байсеитұлы Республикалық заң консультанттары палатасы басшысының атынан Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжуловаға әділет органдарының дамуына, заңдылықты нығайтуға және өңірдің заң қоғамдастығымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамотасын табыс етті.
🔹Өз кезегінде Алия Аманжулова Ақылбай Серик Байсеитұлына кәсіби еңбегі мен өңірдің заң қоғамдастығын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті.
🔹Сонымен қатар, іс-шара аясында Қостанай облысының үздік заң консультанттарын марапаттау рәсімі өтіп, оларға жоғары кәсібилігі үшін Құрмет грамоталары табыс етілді.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1259340?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау