Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарлары арзандады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша, есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді.
Ең көп арзандаған өнім – қияр, оның бағасы 4,6% төмендеді. Сонымен қатар қызанақ пен сәбіз (әрқайсысы – 3,2%), жұмыртқа (-0,4%), ұн (-0,3%), тауық еті (-0,2%) бағасының төмендеуі тіркелді.

Өңірлер бөлінісінде бағаның төмендеу үрдісі еліміздің бірқатар қаласында байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Ақтауда (-0,7%), Қонаевта (-0,3%), Жезқазған мен Петропавлда (әрқайсысы -0,2%), Тараз, Қарағанды және Түркістанда (әрқайсысы -0,1%) төмендеді. Ал Астана, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Павлодар және Семей қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды.

Республика бойынша қиярдың орташа бағасы бір келісі үшін 524 теңгені құрады. Ең төмен баға Тараз қаласында тіркеліп, бір келісі 357 теңге болды.
Тазартылған күріштің орташа бағасы республика бойынша бір келісі үшін 534 теңгені құрады. Ең қолжетімді баға Қызылордада – 456 теңге, Алматыда – 478 теңге.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-yrsai/press/news/details/1259613?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version