Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және ауыл округтерінің әкімдері қатысты.
Жеке қабылдау барысында Қазығұрт, Алтынтөбе, Жігерген және Қызылқия ауылдық округтерінің тұрғындары өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ауыз сумен қамту, кәсіпкерлікті дамытуға қаржылай қолдау көрсету тетіктері, мемлекеттік қолдау шаралары, үй іргелік жер теліміне шешім шығару, “Жастар” көшесіне асфальт төсеу, жол кедергілерін орнату, балалар ойын алаңшасын салу, жер және тұрғын үй мәселелері жайында өтініштер айтылды.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме берді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеу үшін жауапты бөлім басшылары мен ауыл округтерінің әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Қабылдау соңында аудан әкімі берілген тапсырмалардың белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауға алу қажеттігін атап өтіп, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер тұрақты түрде назарда болатынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1259837?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау