САРЫАҒАШ: ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесінде жүргізіліп жатқан ағымдағы жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімін бақылауға алды.

Жұмыс барысын зерделеген аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс-монтаж жұмыстарын қолданыстағы техникалық талаптар мен сапа стандарттарына сәйкес жүргізуді, сондай-ақ нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді тапсырды. Сонымен қатар жауапты сала басшыларына жөндеу жұмыстарының әр кезеңіне тұрақты бақылау жүргізіп, орын алған кемшіліктерді дер кезінде жоюды міндеттеді.

Қазіргі таңда Әйтеке би көшесінің бойына асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаға тапсырыс беруші – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүзеге асырушы мердігер мекеме – «Сарыағаш-Сәулет» ЖШС-і. Жоба аудандық бюджет қаражаты есебінен іске асырылуда.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1259483?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version