ШҚО-да өрт қауіпті кезеңде мобильді топтар профилактикалық рейдтер жүргізуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында өрт қауіпінің жоғары деңгейі сақталуда.

Өрт қауіпті кезең басталғалы облыс аумағында 33 орман өрті тіркелді.

Табиғи өрттердің алдын алу мақсатында облыс аумағында 48 мобильді топ жұмыс істеуде. ШҚО ТЖД қызметкерлері полиция және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп 620-ға жуық профилактикалық рейд өткізді.

Рейдтер барысында мобильді топтар аумақтарды патрульдеп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылайды, сондай-ақ құрғақ өсімдіктерді заңсыз өртеу фактілерін анықтап, жолын кеседі.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 174 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен өңір қонақтарын өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Ерекше өртке қарсы режим қолданылатын кезеңде орман алқаптарына баруды шектеуді сұрайды.

От жақпаңыздар, қоқыс пен құрғақ шөпті өртемеңіздер, балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер және оларға сіріңке мен басқа да ашық от көздерін қауіпсіз пайдалану ережелерін үнемі түсіндіріңіздер.

Өрт немесе жану фактісі анықталған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласыңыздар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1259864?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version