16-17 шілде күндері Иорданияның Амман қаласында дзюдодан кадеттер арасында Азия чемпионаты өтуде.
-Осы дүбірлі додада Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Ернат Кеңесбек 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тамаша өнер көрсетіп, барлық қарсыласынан басым түсті және Азия чемпионы атанды. Отандасымызды жарысқа білікті бапкер Жандос Сайлаубеков дайындады, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында.
Айта кетейік, бұған дейін Ернат Қазақстан Республикасының чемпионатында және Грузияда өткен Еуропа кубогында күміс жүлдегер атанған болатын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1260045?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау