Түркістан облысының полицейлері аптап ыстық күндері балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында ерекше акция ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары көшеде серуендеп жүрген бүлдіршіндерге балмұздақ таратып, жазғы демалысты шаттыққа бөледі.
Акцияның басты ерекшелігі – әр балмұздақтың сыртына жол қозғалысы, судағы қауіпсіздік, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас және төтенше жағдайларда өзін ұстау ережелері жазылған арнайы жапсырмалар орналастырылды.
Осылайша балалар сүйікті тәттісінен дәм татып қана қоймай, маңызды қауіпсіздік қағидаларын да еске түсірді. Полицейлер бүлдіршіндермен еркін әңгімелесіп, жолдан қалай дұрыс өту керектігін, көшеде жалғыз жүргенде нені ескеру қажет екенін түсіндірді.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай акциялардың басты мақсаты – балаларға қауіпсіздік мәдениетін қызықты әрі есте қаларлық форматта жеткізу. Ал бүлдіршіндер үшін бұл күн тәтті балмұздақпен ғана емес, полицейлердің қамқорлығы мен жылы лебізіне толы ерекше сәт ретінде есте қалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1259871?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау