Жыл басынан бері Петропавл қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тұрғындардың, еріктілердің, мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен 100-ге жуық экологиялық акция мен сенбілік өткізілді.
Есепті кезеңде 240 тонна қоқыс шығарылды. «Таза Қазақстан» Telegram-боты арқылы 122 өтініш келіп түсті. Өтініштердің басым бөлігі қоқыс шығару, жолдарды жөндеу, жарықтандыруды қалпына келтіру және аумақтарды абаттандыру мәселелеріне қатысты болды.
Спутниктік мониторинг нәтижесінде 6 заңсыз қоқыс орны анықталып, оның 3-еуі жойылды. Сонымен қатар қалаға 600 жаңа қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнер сатып алынды.
Жаңа ҚТҚ полигонын салу жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/1259944?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау