Түркістан қаласының тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында «Отырар» секторында кезекті әлеуметтік жәрмеңке ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге Сайрам, Созақ, Келес аудандары мен Кентау қаласының ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді. Сонымен қатар, «Түркістан» ӘКК АҚ тұрақтандыру қоры есебінен жалпы көлемі 50 тоннаға жуық азық-түлік өнімі саудаға шығарылды.
Сауда сөрелеріне ет-сүт өнімдері, жұмыртқа, балғын көкөністер мен жеміс-жидектер, сондай-ақ күнделікті тұтынуға қажетті басқа да тауарлар қойылды. Өнімдер делдалсыз, тікелей өндірушілерден жеткізілгендіктен, олардың бағасы нарықтағыдан 20-30%-ға арзан болды.
Бұл бастама қала тұрғындарының әлеуметтік маңызы бар тауарларды тиімді бағамен сатып алуына септігін тигізсе, шаруаларға өз өнімдерін делдалсыз тікелей тұтынушыларға ұсынуға жағдай жасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1260001?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау