ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ӨСІРІЛГЕН АЛМА ӨНІМІ ЖИНАЛУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінде орналасқан шаруашылықта қарқынды алма бағының өнімдерін жинау жұмыстары басталды. Жалпы аумағы 70 гектарды құрайтын алма бағында әр гектарға 2 мың түп алма ағашы отырғызылған.
Алма бағы толықтай тамшылатып суару жүйесімен қамтылған. Бұл технология суды тиімді пайдалануға, ағаштардың қалыпты өсіп-жетілуіне және мол өнім алуға мүмкіндік береді.
Биыл әр түптен орта есеппен 20 келіге дейін алма жиналады деп күтілуде. Қазіргі таңда 30 гектар алқаптың өнімі толық жиналып болса, алдағы уақытта қалған 40 гектардағы алма өнімін жинау жұмыстары аяқталады.
Сонымен қатар, шаруашылық аумағында алма және басқа да жеміс-жидектерді ұзақ мерзімге сақтауға арналған заманауи қойманың құрылысы жүргізілуде. Бұл нысан өнімнің сапасын жоғалтпай сақтап, ішкі нарықты жыл бойы сапалы жеміспен қамтуға бағытталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1260016?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version