Астана қаласында өткен республикалық «Байқымыз» гастрофестивалінде Павлодар облысы, Баянауыл ауданының намысын қорғаған ұстаздың еңбегі көпшіліктің ықыласына бөленді.
Ақышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Айбол Толегенов ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолында ерекше белсенділік танытып, Баянауылдың брендіне айналған Торайғыр ауылының шипалы қымызын елорда төрінде таныстырды.
Ұстазға бұл игі істе Майқайың №2 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Жанали мен Жангир Толегеновтер қолдау көрсетті. Жас өрендер ұлттық мұраны насихаттауға өз үлестерін қосып, фестиваль қонақтарына туған өлкенің бай мұрасын таныстырды.
Мектепте білім мен тәрбие беріп жүрген ұстаздың ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі бұл бастамасы – өскелең ұрпаққа өнеге. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегі ұлттық мұраны сақтаудың және оны кейінгі буынға жеткізудің жарқын үлгісіне айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1259377?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау