Ұзынкөл аудандық мәслихаты хабарлайды:
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы мәдениет ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) негізінде, Ұзынкөл ауданының Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 1 отырысының хаттамасына сәйкес Ұзынкөл ауданының Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшесін шығу орнына сайлау жөніндегі конкурс жарияланады.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы: 11 (он бір) адам.
Мемлекеттік орган өкілдігі: 3 (үш) адам
Коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың өкілдігі: 8 адам (коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады).
Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде (2026 жылғы 17 шілдеден бастап 2026 жылғы 30 шілдені қоса алғанда сағат 18.00-ге дейін).
Пошталық мекенжай: «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Ғ.Мұсрепов көшесі, 14 -үй, № 210 каб., жұмыс телефондары: 8(71444) 21073, пошталық индексі 111800.
Электрондық пошта мекенжайы: maslixat.uzunkol@mail.ru
Жұмыс тәртібі: «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін, демалыс сенбі, жексенбі.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Републикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатқа қойылатын мынадай талаптар белгіленген:
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
1.Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
- Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінш і бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
3.Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
1) Заңның 10 – бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2)Заңның 10 – бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uzunkol/press/news/details/1259670?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау