«Заң бұзушылықсыз туризм» акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң бұзушылықсыз туризм» профилактикалық акциясы аясында Қонаев қаласының прокуратурасы Төтенше жағдайлар департаментінің және Қонаев қаласының Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, Қапшағай су қоймасының жағалауындағы азаматтар жаппай демалатын орындарда профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты — туристік маусым кезеңінде заңдылықты, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, судағы құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу.

Рейд барысында заңнаманың өрескел бұзылуы анықталды. Басқару құқығы жоқ кәмелетке толмаған баланың гидроциклді басқару фактісі анықталды. Сондай-ақ катерді алкогольдік масаң күйде басқарған ер адам анықталды. Барлық анықталған заң бұзушылықтар бойынша уәкілетті органдар әкімшілік хаттамалар толтырды.

Өкінішке қарай, рейдтік іс-шаралар кезінде қайғылы жағдай орын алды — суда 8 жасар қыз бала батып кетті. Бұл оқиға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін және балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыруға жол берілмейтінін тағы бір мәрте еске салады.

Қонаев қаласының прокуратурасы, Төтенше жағдайлар департаменті және Полиция басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын заңнама талаптарын, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және өз өмірі мен айналадағылардың өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Тек бірлескен күш-жігермен ғана демалысты әркім үшін қауіпсіз ете аламыз.

 

#Заң_мен _тәртіп

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1259733?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version