Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Қордай ауданынының активімен және тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Қордай ауданынының активімен және тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді

 

📌 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық аясында ағымдағы жылғы 17 шілдеде аудан әкімдігінің мәжіліс залында сайлау заңнамасындағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған кездесу өтті.

📌 Кездесуге Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С. Айдапкелов, комиссия мүшесі Е. Жапаров, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Б. Кеңесбек, аудан әкімі нің орынбасары М.Сатымқұл, аппарат басшысы, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мамандары, құқық қорғау және құзырлы органдардың басшылары, мәслихат төрағасы және мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, жергілікті қауымдастықтың төрағасы, аудандық саяси партиялар филиалдары мен үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен өкілдері, сайлау комиссияларының мүшелері, БАҚ өкілдері мен жас сайлаушылар клубының мүшелері және жұмысшы жастар қатысты.

📌 Кездесу барысында Серғали Айдапкелов Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген негізгі өзгерістерге тоқталып, жаңа сайлау жүйесінің ерекшеліктерін түсіндірді.

📌 Атап айтқанда, Құрылтай депутаттарын пропорционалды жүйе бойынша партиялық тізіммен сайлау тәртібі, сайлау комиссияларының өкілеттіктері, әкімдерді тағайындау және сайлау тәртібіндегі жаңашылдықтар, сондай-ақ сайлау үдерісінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістерге кеңінен тоқталып өтті.

📌 Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы сайлаушыларға сайлау процесін ұйымдастыруға және өткізуге қатысты заңдар мен заңнамалық актілерді түсіндіру және Құрылтай сайлауына байланысты ақпараттандыру жұмыстарын БАҚ, әлеуметтік желілер мен сайлау комиссияларының сайттары арқылы да ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.

 

📌 Кездесу қатысушылар заңнамалық жаңашылдықтардың практикалық маңызы жөнінде пікір алмасып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын жолдады. Қойылған сұрақтардың барлығына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер беріліп, құқықтық нормаларды қолдану тәртібі нақты түсіндірілді.

📌 Кездесу соңында С. Айдапкелов жаңа заңнаманы түсіндіру және алдағы Құрылтай сайлауына қатысты халықты ақпараттандыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/news/details/1259858?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version