Арыс қаласы әкімдігі аппаратының үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен маңызды ережелерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы жаңа Заңын, Әдеп кодексінің талаптарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін түсіндіру» тақырыбында кездесу өтті.
Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысы Талғат Анашбеков жүргізген іс-шараға қала әкімі аппаратының, қалалық дербес бөлімдердің және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Жиын барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Амандық Нұрлан Анарбекұлы мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар мен Жаңа Конституцияның негізгі бағыттарына тоқталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының өкілі Орынбек Назерке Мәдиқызы Жаңа Конституцияның негізгі ережелерін түсіндірсе, Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жолбарыс Ерсұлтан Амангелдіұлы мемлекеттік қызмет туралы жаңа Заңдағы өзгерістерді таныстырды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Көпеев Мақсат Қайратұлы Әдеп кодексінің талаптары мен тәртіптік жаза қолдану қағидаларын түсіндіріп, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Төрегелді Медет Сәбитұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жөнінде баяндады.
Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысы Талғат Әбдіқадірұлы Анашбеков арнайы келген мамандарға алғысын білдіріп, кездесудің мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттырудағы маңызын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1259997?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау