Жастарды қолдау: «Жарқын болашақ» бағдарламасының 333 қатысушысы оқуын сәтті аяқтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жастарды қолдау: «Жарқын болашақ» бағдарламасының 333 қатысушысы оқуын сәтті аяқтады

Жаңаөзен қаласында «Жарқын болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған салтанатты іс-шара өтті.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мәліметіне сәйкес, 333 түлектің 77-сі мектепті бітірсе, 256 студент техникалық, экономикалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша колледждерде білім алды. Сонымен қатар олардың қатарында денсаулық сақтау және спорт саласының болашақ мамандары да бар.

Жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүзеге асырып келеді. Соңғы бес жылда Маңғыстау облысының жасөспірімдері еліміздің әртүрлі өңіріндегі жетекші білім беру ұйымдарында сапалы білім алу мен жан-жақты даму мүмкіндігіне ие болуда.

Биылғы түлектердің жетістіктері де ерекше, себебі 13 түлек «Алтын белгі» иегері атанды, 15 түлек үздік аттестатқа ие болды, Ұлттық бірыңғай тестілеудегі ең жоғары нәтиже – 131 балл, 19 колледж түлегі оқуды үздік дипломмен аяқтады.

Айта кетейік, «Жарқын болашақ» бағдарламасы Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысының бес ауданындағы жоғары сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама жастардың кәсіби бағдар алуынан бастап жаңа ортаға бейімделуіне дейін жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.

ҚМГ тарапынан көрсетілетін қолдау: оқу ақысы, жатақхана төлемі, жол шығыны, шәкіртақы және тегін тамақтану. «Жарқын болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған Маңғыстау облысының жастары бүгінде еліміздің үздік жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1259675?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version