«Жасыл Ел» студенттік еңбек жасағының қызметкерлері үшін еңбек заңнамасы және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндіру кездесуі өткізілді.
Қатысушыларға еңбек шартын жұмыс басталғанға дейін жасасу, жалақыны уақтылы және толық төлеу, жұмыс және демалыс уақытының талаптарын сақтау жөніндегі негізгі құқықтары түсіндірілді.
Жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізуге және қажет болған жағдайда жеке қорғаныш құралдарын беруге міндетті екені айтылды. Қызметкерлер де қауіпсіздік талаптарын сақтап, қауіпті жағдайлар туралы басшысына дереу хабарлауға тиіс.
Кәмелетке толмаған қызметкерлер үшін қысқартылған жұмыс уақыты көзделетіні, оларды ауыр, зиянды, түнгі және үстеме жұмыстарға тартуға тыйым салынатыны атап өтілді.
Кездесу соңында қатысушылар сұрақтарына жауап алып, еңбек құқықтарын қорғау бойынша ұсынымдармен танысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1259307?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау