2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 17 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның ішінде: 3 тексеру – бұрынғы тексерулер барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы бойынша; 9 тексеру — келіп түскен өтініштер бойынша; 5 тексеру – Қарағанды облысы прокуратурасының талабы бойынша.
Жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 14 әкімшілік іс қозғалып, лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында 17 нұсқама берілді, сондай-ақ 12 тәртіптік жаза қолданылды (оның ішінде білім беру ұйымдары – 5, білім беруді басқару органдары – 7).
Жоспардан тыс тексерулер барысында анықталған негізгі бұзушылықтар:
- педагогтердің педагогикалық әдепті сақтамауы;
- білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын сақтамауы;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (МЖМБС) талаптарын бұзу;
- педагогикалық қызметпен айналысуға тиісті бейін бойынша арнайы педагогикалық білімі жоқ тұлғалардың жіберілуі;
- сапалық құрамның Біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.
Қазіргі уақытта 14 білім беру ұйымында нұсқамаларда көрсетілген бұзушылықтар толықтай жойылды, бұл ұсынылған тиісті құжаттармен және материалдармен расталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-karaganda/press/news/details/1259681?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау